2026 жылғы 2 наурызда Қостанай облыстық мәслихатының төрағасы Сайлаубек Ерғазыұлы Ещановтың төрағалығымен VIII шақырылымдағы Қостанай облыстық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті. Сессия жұмысына Қостанай облысының әкімі Құмар Іргебайұлы Ақсақалов қатысып, сөз сөйледі.
Депутаттар өңірдің 2026-2028 жылдарға арналған бюджетіне өзгерістер енгізуді, жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшін жалдау ақысының мөлшерлемелерін белгілеуді, Қостанай облысы бойынша субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінен берілетін ауыз судың бір текше метріне төленетін төлемақының мөлшерін бекітуді, сондай-ақ мәслихаттың жекелеген шешімдеріне өзгерістер енгізуді қарады.
Бюджетті нақтылау кезінде Арқалық қаласын дамыту мәселесі қаралды, онда инфрақұрылымдық орта сапасының көрсеткіштері бойынша ең үлкен алшақтық тіркелді: автомобиль жолдарының тек 31,6% жақсы және қанағаттанарлық жағдайда, ал Қостанайда бұл көрсеткіш 99,5% құрайды.
Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес Торғай өңірін дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Абаттандыру бойынша іске асырылып жатқан бағдарламалар халықтың өмір сүру жағдайларын жақсартуға бағытталған. Аталған мәселелер депутаттардың қолдауына ие болды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-oblys-apparaty/press/news/details/1218478?lang=kk

Жауап қалдыру