“9 мамыр-Ұлы Жеңіс күні!”

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Округ әкімі Е. Кутышев Нұраталды ауылының Қызылқой елді мекенінде тұратын тыл ардагері Тұрсанаұлы Рахымжан атаны Ұлы Жеңіс күнімен арнайы құттықтады.

Сонымен қатар, ардагер атамыздың 90 жасқа толуы қарсаңында ізгі тілектер айтылып, құрмет көрсетілді. Саналы ғұмырын елге арнап, еңбекпен өрген ақсақалдың өмір жолы – кейінгі ұрпаққа үлгі.

Тұрсанаұлы Рахымжан атаға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, шаңырағына амандық пен береке тілейміз.

Құрметті округ тұрғындары! Баршаңызды 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, бейбіт күннің қадірі арта берсін!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-nurataldy/press/news/details/1218511?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді