9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай Темір қаласында тыл ардагерлеріне құрмет көрсетілді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Темір қаласының әкімі тыл ардагерлерінің шаңырағына арнайы барып, мерекемен құттықтады. Ел басына күн туған қиын-қыстау кезеңде майдан даласында болмаса да, тылда аянбай еңбек етіп, Жеңіске өлшеусіз үлес қосқан ардагерлерге ерекше құрмет көрсетілді.
Кездесу барысында Темір ауданы әкімінің атынан арнайы құттықтау хаттар табысталып, сый-сияпат көрсетілді. Сонымен қатар ардагерлерге жылы лебіздер айтылып, олардың ел үшін атқарған ерен еңбектері кейінгі ұрпаққа үлгі екені атап өтілді.
Тыл еңбеккерлері соғыс жылдарында бар ауыртпалықты көтеріп, күн-түн демей еңбек етті. Олар майданды азық-түлікпен, киім-кешекпен қамтамасыз етуге өз үлестерін қосып, Жеңістің жақындауына себепкер болды. Осындай ерлік пен төзімділіктің арқасында бүгінгі бейбіт өмірге қол жеткіздік.Ардагерлер өз кезегінде көрсетілген құрмет пен ықыласқа алғыстарын білдіріп, ақ баталарын берді. Жастарға бірлік пен татулықты сақтау, елге адал қызмет ету жөнінде өнегелі сөздерін айтты.
 Тыл ардагерлеріне құрмет көрсету – кейінгі ұрпақтың қасиетті парызы. Олардың ерлігі мен еңбегі ешқашан ұмытылмайды.
Баршаңызды 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен құттықтаймыз! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, аспанымыз ашық болсын!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-temir-temir/press/news/details/1218533?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді