Абай облысының командасы «Seitkhan cup» турнирінің жеңімпазы атанды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Семейде БАҚ өкілдері арасында белгілі журналист, спорт комментаторы Амангелді Сейітханды еске алуға арналған республикалық шағын футбол турнирі аяқталды. Биыл алғаш рет Абай елінде өткен жарысқа еліміздің 12 командасы қатысты.

Турнир қорытындысы бойынша финалда «ҚазМедиа» командасын пенальти сериясында жеңген Абай облысының құрамасы чемпион атанды. Екінші орынды – «ҚазМедиа», үшінші орынды Жетісу облысының «Қаракет» командасы иеленді.

Жабылу салтанатында Абай облысының әкімі Берік Уәли командаларға алғыс білдіріп, турнирдің жоғары деңгейде өткенін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-sport/press/news/details/1218647?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді