
Алма Сити тұрғындарының өтініші негізінде Алма Сити Е5 шағынауданында абаттандыру жұмыстары жалғасуда.
Мердігер ұйым «GFG Capital» ЖШС тарапынан балалар алаңдарындағы ашық учаскелерге асфальт төсеу жұмыстары толық аяқталды. Сонымен қатар, тротуарларда мүмкіндігі шектеулі азаматтар, балалар және мүгедектер арбасымен жүретін тұрғындар үшін ыңғайлы әрі қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ету мақсатында пандустар орнату жұмыстары жүргізілуде. БНУ «Алма Сити» жобасы аясында 14 аула аумағында кешенді абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, жаңа МАФ элементтері, спорт және балалар алаңдары орнатылды.
Бүгінде 13 аулада жұмыстар толық аяқталып, 1 аулада соңғы кезеңдегі жұмыстар жалғасуда. Қосымша тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлылығын арттыру мақсатында тұрғын үй кешені аумағында биіктігі 4 және 6 метр болатын 600 сыртқы жарықтандыру тіректері орнатылды. Қазіргі таңда қосымша жарықтандыру элементтерін орнату жұмыстары жалғасуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-nauryzbai/press/news/details/1218530?lang=kk

Жауап қалдыру