АНОНС

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында 2026 жылғы 14 мамыр сағат 17:00-де облыс прокуратурасының ресми Instagram парақшасында құқық бұзушылықтардың алдын алу, интернет-алаяқтыққа, есірткі қылмыстарына, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасындағы және оларға қатысты қылмыстылыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша тікелей эфир өтеді.

Эфир барысында облыс прокуратурасының қызметкерлері құқық бұзушылықтардың алдын алуға қатысты өзекті мәселелерді түсіндіріп, көрермендердің сауалдарына тікелей эфирде жауап береді.

Спикерлер: облыс прокуратурасы басқармасының бастығы С.Қ. Асқаров, Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының аға көмекшісі М.В. Доровик, Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының көмекшісі А.В. Мячина, Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының көмекшісі М.К. Казиев, Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасы басқармасының прокуроры А.А. Бессонов.  

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-sko/press/news/details/1219170?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді