
Аудан әкімі А.Жақсылықов тұрғындармен жоспарлы есептік кездесуін бастады.
Алғашқы кездесулер Алтықарасу ауылдық округіне қарасты Еңбекші, Сартоғай және Алтықарасу елдімекендерінде өтті.
Кездесулер барысында ауылдық округ әкімі Т. Макин өңірде атқарылған жұмыстар бойынша есеп беріп, алдағы кезеңге жоспарланған жобалар мен міндеттерге тоқталды.
Сонымен қатар, тұрғындардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, елдімекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылым, автомобиль жолдары, абаттандыру және өзге де өзекті мәселелер талқыланды.
Аудан басшысының жұмыс сапары кезінде округтегі көгалдандыру жұмыстары да назарға алынды. Қазіргі таңда округ бойынша 378 түп тал көшеттері отырғызылып, абаттандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.
Аудан әкімі халықпен тұрақты кері байланыс орнатудың маңыздылығын атап өтіп, ауылдардың әлеуетін арттыру бағытындағы жұмыстардың жалғасатынын жеткізді.
Сондай-ақ, округ әкіміне елдімекендердегі санитарлық тазалық пен абаттандыру жұмыстарын жүйелі түрде ұйымдастыру, көше бойларын, қоғамдық орындар мен әлеуметтік нысандар аумағын тұрақты таза ұстау тапсырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-temir/press/news/details/1218550?lang=kk

Жауап қалдыру