АУДАНДА БІРЛІК КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған. Бірлік, достық, татулық, ынтымақ – ел тұрақтылығының басты кепілі. Осы орайда бүгін Отырар ауданында 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі аталып өтті.
Іс шараға келген қонақтар алдымен аудандық орталық кітапхананың тақырып аясындағы кітап көрмесімен танысты. Татулықты, бірлікті шығармашылығына арқау еткен ақын-жазушылардың еңбектері оқырмандарға кеңінен насихатталды.
Аудандық мәдениет сарайында өткен шараға аудан әкімінің орынбасары Тоқсейіт Елекеев арнайы қатысып, жиналғандарды мерекемен құттықтады.
Этно-мәдени орталықтардың өкілдерінің аудан өміріне, аудандағы қоғамдық-мәдени шараларға белсене араласып келе жатқандығына алғысын білдіріп, халқымыздың татулығы мен бірлігінің нығая беруіне тілектестігін білдірді.
Шара барысында ауданымыздың қоғамдық өміріне белсене араласып, ынтымақ пен келісімді нығайтуға атсалысып жүрген азаматтар арнайы алғыс хаттармен марапатталды.
Мерекелік жиын одан әрі концерттік бағдарламаға ұласып, аудан өнерпаздары елдікті, бірлікті насихаттайтын патриоттық әндерді шырқап, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-audany/press/news/details/1218985?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді