Аусылдың алдын алу

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аусыл – үй және жабайы тұяқты жануарлардың дене қызуы көтеріліп, ауыз және мұрын қуыстарының шырышты қабаттарының, емізік терісінің, аяқ-қолдарының зақымдануымен сипатталатын жіті вирустық ауру. Ауру жануарларда 15 күнге дейін созылады.

Адамға жұқтырудың негізгі жолы ауру жануарлардан алынған шикі сүт және оның өңделген өнімдері арқылы, ал азырақ ет арқылы жұғады. Инфекцияның тікелей берілуі ауру жануарлармен тікелей байланыста (сауын, күту, емдеу және сою кезінде), ауа тамшылары арқылы (тыныс алу және жөтелу кезінде) және олардың нәжісімен ластанған заттар арқылы болуы мүмкін. Инфекция адамнан адамға берілмейді.

Аусыл вирусының алдын алу үшін үй жануарларының иелері міндетті түрде 

1.Ветеринариялық құжаттарсыз рұқсат етілмеген сауда орындарынан жануарларды немесе жануарлардан алынатын өнімдерді сатып алмаңыз; 

2. Барлық жаңадан алынған жануарлар ветеринариялық қызмет органдары мен ауылдық әкімшіліктерде есепке алынуы және негізгі табынға енгізгенге дейін 30 күн ішінде жануарлардың міндетті карантині жүргізілуі тиіс; 

3. Жануарларды аусылға қарсы вакцинациялау, дене қызуын өлшей отырып, жануарларды ветеринариялық тексеруді жүйелі түрде жүргізу. Дератизация мен дезинсекцияны жүйелі түрде жүргізу; 

4. Шаруа қожалықтарының жабық режимде жұмыс істеуін қамтамасыз ету, жануарлар ұсталатын аумақтарға бөгде адамдардың кіруіне жол бермеу, өңделмеген техниканың әкелінуіне және арнайы өңдеуден өтпеген көліктердің аумаққа кіруіне жол бермеу. 

5. Малды сою алдында ветеринарлық тексеруден өткізуді қамтамасыз ету. Ет пен сою өнімдерін ветеринариялық-санитариялық сараптауды ветеринария жүргізуін қамтамасыз ету. 

6. Аусылдың алдын алу малды сауу, күту, емдеу және сою кезінде жеке сақтық шараларын сақтауды қамтиды. Сүтті пастерлеу және қайнату, өңделген кілегейден сары майды өндіру, ауру малды күту кезінде және олармен мүмкін байланыста болған кезде қауіпсіздік шараларын мұқият сақтау міндетті.

Жануардың аусылмен ауырғанына күдік болған жағдайда мал иелері:

1) бұл туралы дереу ветеринарға хабарлау;

2) ауру және ауруға күдікті жануарларды оқшаулауға;

3) жануарлардың барлық түрлерiн және союдан алынған өнiмдердi союды және өткiзудi және шаруашылықтың аумағынан жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты, жемшөп пен басқа да тауарларды әкетудi тоқтатуға;

 

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-kostanay/press/news/details/1218757?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді