
Ағымдағы жылдың 12 мамырында Мамлют аудандық мәслихатының төрайымы Каримова Ж.С. «AMANAT» партиясының Мамлют аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды жеке қабылдау өткізді.
Қабылдау барысында Мамлютка қаласының тұрғындары Г. Мүсірепов көшесін жөндеу мәселесі және облыстың медициналық мекемелерінде тексеруден өту мақсатында Петропавл қаласы бойынша автобустарда жүруге арналған жол жүру билетін беру туралы сұрақтармен жүгінді.
Барлық көтерілген мәселелер бойынша азаматтарға қолданыстағы заңнама аясында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, мәселені шешу жолдары көрсетілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-mamlyut/press/news/details/1218735?lang=kk

Жауап қалдыру