
Ағымдағы жылдың 13 мамырында Аршалы аудандық мәслихатының депутаты А.А. Кузьмичев Аршалы кентінде азаматтардың жеке қабылдауын өткізді.
Қабылдау барысында тұрғындар жолдарды асфальттау, жекелеген көшелерді жарықтандыру, кейбір үйлерді газбен жабдықтауға қосу, стихиялық полигондарды жою, кентішілік маршруттың қозғалысын ұйымдастыру, сондай-ақ халықты толғандыратын басқа да мәселелерге қатысты бірқатар өзекті мәселелерді көтерді.
Барлық келіп түскен өтініштер бойынша азаматтарға тиісті түсініктемелер берілді. Жекелеген мәселелер бойынша оларды одан әрі қарау және қажетті шараларды қабылдау үшін депутаттық сауалдар дайындалды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslikhat-arshali/press/news/details/1219299?lang=kk

Жауап қалдыру