БЕЛСЕНДІ ҰЗАҚ ӨМІР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДӘРІГЕРІ ҮЗДІК МАМАН АТАНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

     Астана қаласында «Білім өркениеті» ұлттық инновациялық зерттеу орталығы ұйымдастырған байқауда Белсенді ұзақ өмір орталығының жоғары санатты дәрігер-терапевті Сәуле Нұржанова «Жылдың үздік маманы» номинациясының жеңімпазы атанып, арнайы марапатқа ие болды.

    Сәуле Орынтайқызы Нұржанова – медицина саласында 40 жылдан астам тәжірибесі бар білікті дәрігер. Ол 1957 жылы 10 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Қарабастау ауылында дүниеге келген. 1983 жылы Алматы мемлекеттік медициналық институтын «дәрігер-терапевт» мамандығы бойынша тәмамдаған.

     Еңбек жолын Шымкент қалалық №2 ауруханасында учаскелік терапевт ретінде бастаған. 1994-2018 жылдары физиотерапия бөлімінің меңгерушісі қызметін абыроймен атқарып, сала дамуына елеулі үлес қосты. 2021 жылдан бері Шымкент қаласындағы «Белсенді ұзақ өмір орталығында» терапевт дәрігер болып қызмет етіп келеді.

     Өз ісіне адал, жауапкершілігі жоғары маман ретінде әріптестері мен зейнеткерлер арасында зор құрметке ие. Әлеуметтік саладағы бес жылдық еңбек жолында әрбір қызмет алушының денсаулық жағдайын жіті бақылап, қажетті емдік-сауықтыру қызметтерін кәсіби тұрғыда үйлестіріп келеді.

     Қарттардың денсаулығын нығайту мен өмір сапасын арттыру бағытындағы еселі еңбегі мен кәсібіне деген адалдығы көпшілік тарапынан жоғары бағаланып отыр.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-zhumys-aleumettik-korgau/press/news/details/1218542?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді