
Болашақ зейнетақыны қалыптастырудағы жұмыс берушінің рөлі
Зейнетақы жүйесі бірнеше құрамдауыш бөліктен тұрады және азаматтардың болашақтағы қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған.
Соның бірі – жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ).
Жұмыс берушілер 1975 жылы және одан кейін туған қызметкерлері үшін жарналарды өз қаражаты есебінен аударады.
ЖМЗЖ 2024 жылы 1,5% мөлшерлемемен енгізілді және жарна кезең-кезеңімен өсіп отырады.
2026 жылы жарна мөлшерлемесі қызметкер табысының 3,5%-ын құрайды, ал 2028 жылға қарай бұл көрсеткіш 5%-ға жетеді.
ЖМЗЖ енгізу – ынтымақты зейнетақы үлесінің біртіндеп азаюынан туындаған маңызды қадам.
Бұл бастама:
– жоғалған кірісті өтеуге,
– зейнетақымен қамсыздандыру деңгейін арттыруға,
– мемлекет, қызметкер және жұмыс беруші арасындағы жауапкершілікті әділ бөлуге бағытталған.
Толығырақ enpf.kz сайтында, 1418 телефоны арқылы және Қордың әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында. https://t.me/enpfkz/

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-aitekebi/press/news/details/1218922?lang=kk

Жауап қалдыру