Бородулиха ауданында жедел-тактикалық жаттығу өткізу туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылдың 14 мамыр күні 08:00 ден бастап Бородулиха ауданы аумағында Шығыс Қазақстан және Абай облыстық, сонымен қатар Бородулиха аудандық терроризмге қарсы жедел штабтарымен «Қанжар-Антитеррор-2026» жедел-тактикалық оқу-жаттығулар өткізу жоспарлануда.
Іс-шараның мақсаты құқық қорғау және арнайы органдардың түрлі террористік сипаттағы қауіптерді жою жөніндегі күштер мен құралдардың дайындық деңгейін тексеру.
Оқу жаттығу өткізу объектілерінің айналасында шектеу шаралары қарастырылған.
Азаматтарды сабыр сақтауға шақырып, ресми ақпарат дереккөздерге сенуді, жалған ақпараттың таралуына жол бермеулеріңізге және
оқу-жаттығуларға қатысатын мемлекеттік органдары қызметкерлерінің
іс-әрекеттеріне түсіністікпен қарауларын сұраймыз.

 

Абай облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/1219242?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді