Дайын тағамды жеткізу: санитарлық-эпидемиологиялық қауіп және тағамнан улануды алдын алу

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазіргі уақытта халық арасында дайын тамақты жеткізу қызметі қарқынды дамып келеді. Алайда, тамақ өнімдерін дайындау, сақтау, тасымалдау кезінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталмауы тамақтан улану және жіті ішек инфекцияларына әкелуі мүмкін.            Тамақтан уланудың негізгі себептері, бұл дайындалған тағамдарды сақтауда температуралық режимінің бұзылуы, сапасыз шикізатты пайдалану, өнімнің жарамдылық мерзімін сақталмау, термиялық өңдеудің жеткіліксіздігі, сонымен қоса қызметкерлердің жеке гигиена ережелерін бұзуы.            Тез бұзылатын тағамдар ерекше қауіп төндіреді: таңғыш қосылған салаттар, ет және құс етінен жасалған тағамдар, сүт өнімдері, кілегеймен толтырылған кондитерлік өнімдер, соустар, өңделген тағамдар. Дұрыс сақталмаған жағдайда олардағы  патогендік микроорганизмдер тез көбейеді.            Тамақтан улануды алдын алу үшін, қоғамдық тамақтандыру орындары және жеткізу қызметтері жұмыстардың барлық кезеңдерінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтау қажет. Өнімдерді сақтау және тасымалдауда температуралық режимнің сақталуын қамтамасыз ету, таза және жабық қаптаманы пайдалану, дайындалған тағамдардың жарамдылық мерзімін сақтау, құрал жабдықтарды жүйелі түрде дезинфекциялау қажет.            Өндірістік бақылауды ұйымдастырудың маңызы зор: бұл қызметкерлердің уақытылы медициналық тексеруден өтуін, жеке  гигиена мен тағам дайындау технологиясының сақталуын қамтамасыз етеді.            Тұтынушыларға берілетін ұсыныс, дайын тағамдарды жеткізу қызметіне ресми түрде тіркелген мекемелерге ғана тапсырыс беру, қаптаманың сыртқы түріне, өнімнің жарамдылық мерзіміне және жеткізу шарттарына назар аудару.            Дайын тағамдарды жеткізу кезінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау, тамақтан улануды алдын алу және халықтың денсаулығын сақтаудың маңызды шарты болып табылады.

 

 

«Алтынсарин аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ басшысы А.Ж. Әлмағанбет

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-altynsarin-audany-akimat/press/news/details/1218606?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді