
ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы, Әдеп жөніндегі уәкіл Ж. Жақсылықтың төрағалығымен «Денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаттарын беру, олардың қолданылуын растау және тиісті нормативтік құқықтық актілердің талаптары» тақырыбында өңірлік медициналық ұйымдардың персоналды басқару қызметкерлеріне арналған семинар өтті.
Семинар барысында маман сертификатын беру, біліктілік деңгейін растау мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты сұрақтар қаралып, қатысушыларға тиісті түсіндірмелер мен жауаптар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-kyzylorda/press/news/details/1219282?lang=kk

Жауап қалдыру