
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕЙІРГЕРЛЕР КҮНІНЕ ОРАЙ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Халықаралық мейірбикелер күніне орай ауыл әкімінің арнайы мерекелік құттықтауы елді-мекенде орналасқан емхана қызметкерлеріне табысталды. Мерекелік құттықтауды ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы мен ауыл әкімдігі аппаратының маманы жеткізіп, ақ халатты абзал жандарға ауыл әкімінің ыстық ықыласы мен алғысын білдірді.
Іс-шара барысында мейірбикелердің халық денсаулығын сақтау жолындағы адал еңбегі мен кәсіби жауапкершілігі ерекше аталып өтті. Қай кезде де науқас жанына демеу болып, мейірім мен қамқорлық танытып жүрген медицина қызметкерлерінің еңбегі зор құрметке лайық екені айтылды.
Сондай-ақ, сала мамандарына денсаулық, отбасы амандығы және ел игілігі жолындағы қызметтеріне табыс тіленді!
Аманкелді а/о әкімдігі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya-amangeldi/press/news/details/1219312?lang=kk

Жауап қалдыру