
2026 жылғы 27 сәуірде Қазақстан Республикасының Бәндәр Аббас қаласындағы (Иран) консулдығының басшысы Д.Дүйсебай Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрлігінің осы қаладағы өкілдігінің басшысы М.Сүлейманимен және Хормозган провинциясы губернаторының халықаралық істер жөніндегі орынбасары М.Нәзәримен кездесті.
Кездесу барысында Қазақстан мен Иран арасындағы сауда-экономика, жүк транзиті мен тасымалы, инвестиция, туризм, мәдениет және өзге де салалардағы өңіраралық қатынастарды кеңейту мәселелері талқыланды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-bandarabbas/press/news/details/1218470?lang=kk

Жауап қалдыру