
Құрметті Беркімбаевтар әулеті!
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті ұжымының атынан Сіздердің отбасыларыңызға түскен орны толмас ауыр қайғыға ортақтаса отырып, көңіл айтамыз.
Нұрсұлу Алтынбекқызы саналы ғұмырын денсаулық сақтау ісіне арнап, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету жолында 37 жыл абыройлы еңбек етіп, біліктілікпен басшылық қызмет атқарды.
Өз ісінің кәсіби маманы еді. Құрметті зейнетке шықса да, жас қызметкерлерге жол сілтеп, мол тәжірибесімен бөлісіп, ұстаздық етуден жалықпады.
Нұрсұлу Алтынбекқызының жарқын бейнесі мен еселі еңбегі әріптестерінің жадында мәңгі қалады.
Марқұмның жаны жәннатта, топырағы торқалы болсын.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksek/press/news/details/1218984?lang=kk

Жауап қалдыру