
Жезқазған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Көрнекі ақпарат пен жарнамаға – сауаттылық» атты түсіндіру-насихат жұмыстары жүргізілуде.
Түсіндіру-насихат жұмысының мақсаты – нысандардағы жарнамалардың кемшіліктерін түзетуге, орфографиялық және стилистикалық, пунктуациялық қателерге жол бермеуді, қала аумағында тіл туралы заңның орындалуына атсалысу.
Жұмыс тобы Қ.Сәтбаев, Ы.Анарқұлов, Ғарышкерлер бульвары, Ғ.Омаров және Шевченко көшелерінде орналасқан бірқатар шағын және орта кәсіпкерлік нысандарына жарнамалардың сауатты жазылуы мен орналасуы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Қамтылған нысандар: «Лагманхана №1», «Тұшпара» жартылай дайын өнімдерді сату, «Ahmad» кафесі, «Асхана», ТОО «Горкоопторг», «Информационные технологии» жекеменшік мекеменің Жезқазған филиалы, «Tiens-kz», «Astel» байланыстың кешенді шешімдері, «Интеркомп» компьютерлерді сату, жөндеу және қызмет көрсету орталығы, «Qazaqgaz Aimaq» АҚ газ шаруашылығы, “Детский мир ” балалар киімдері, «Pit Cherry» кофе, пицца, «Nauat», «Discovery coffee», «Mazhilis coffee» кафелері.
Аталған нысандар да хабарландырулар, жарнамалар, мәзірлер басқа да көрнекi ақпараттардың мемлекеттік тілде жазылғаны да бар және заң талаптарын орындамаған нысандар да анықталды. Көрнекі ақпараттардың заң нормаларына сай жазылу қажет екендігі туралы ұсыныс хатпен ескертілді және кемшіліктерді түзетуге уақыт берілді. Кәсіпкерлер кемшілікті түзетуге қарсы еместігін жеткізді. Заң талаптарына сай жазылу және орналастыру жұмыстары бұдан әрі де бақылауда болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/culture-zhezkazgan/press/news/details/1219304?lang=kk

Жауап қалдыру