Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру бойынша жұмысты тұрақты негізде жүргізуде.

Негізгі мақсат – оңалтудың сапасын, қолжетімділігі мен тиімділігін арттыру, сондай-ақ адамның нақты қажеттіліктеріне бағдарлану.

  1. Ағымдағы жылы мүгедектігі бар адамдарға Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы ұсынылатын оңалтудың техникалық құралдарының құнын өтеу ретінде берілетін кепілдендірілген соманы айқындау әдістемесі қайта қаралды.

Бұрын кепілдендірілген соманы айқындау комиссиямен алдыңғы қаржы жылындағы бағаның орташа мәні туралы үш ақпарат көзі негізінде – Әлеуметтік қызметтер порталының деректері, тауарларды мемлекеттік сатып алу деректері және әлеуетті өнім берушілердің коммерциялық ұсыныстары негізінде жүргізілетін. Бұйрыққа сәйкес кепілдендірілген сома жыл сайын айқындалады.

Жаңа Әдістемеге сәйкес кепілдендірілген сома Әлеуметтік қызметтер порталының деректері мен электрондық дүкеннің деректерін ескере отырып есептелетін болады.

Осыған байланысты «ЦРТР» АҚ әлеуметтік қызметтер порталын Қаржы министрлігінің цифрлық жүйелерімен интеграциялау жұмыстарын жүргізуде. Бұл электрондық сауда алаңдарының тауарлардың нарықтық құны бойынша жинақталған деректерін алуға мүмкіндік береді.

Алдағы уақытта кепілдендірілген соманы цифрлық платформалардың нақты нарықтық деректері негізінде қолмен араласусыз автоматты түрде қалыптастыру жоспарлануда. Бұл ашықтықты, объективтілікті және бірыңғай тәсілді қамтамасыз етеді.

Күтілетін негізгі нәтижелер:

-оңалтудың техникалық құралдарының құнын қалыптастыру процесін цифрландыруды енгізу;

– адами фактор мен субъективтілікті болдырмау;

– әділ баға қалыптастыруды қамтамасыз ету;

– бюджет қаражатын ұтымды пайдалану.

  1. Үй жағдайындағы оңалту жобасы

Осылайша, жаңа тәсілдерді дамыту мақсатында Ұлттық әлеуметтік қорғау саласын дамыту ғылыми орталығымен бірлесіп, инновациялық оңалтудың техникалық құралдарын қолдана отырып, балаларды үй жағдайында оңалту бойынша пилоттық жоба іске асырылуда.

Жоба «Қазақстан Халқына» қорының қолдауымен 4 өңірде (Абай облысы, Павлодар, Қызылорда облыстары және Шымкент қаласы) енгізілді.

508 бала үй жағдайында оңалту шараларымен қамтылып, заманауи құралдармен қамтамасыз етілді (көпфункционалды мүгедектер арбалары, вертикализаторлар, жүруді имитациялайтын жүріп-тұру құрылғылары, сондай-ақ жоғарғы және төменгі аяқ-қол буындарын дамытуға арналған тренажерлар).

Балалардың ата-аналарын оңалту жаттығулары процесіне белсенді тарту және іс-шаралардың тиімділігін бейінді мамандармен (реабилитологтар, невропатологтар, емдік дене шынықтыру нұсқаушылары) бірлесіп мониторингтеу үшін цифрлық күнделік қолдану тәжірибеден өткізілді.

Оң нәтижелер байқалуда. Атап айтқанда, 350-ден астам баланың қимыл-қозғалыс белсенділігі жақсарған, 20-дан астам бала өздігінен жүре бастаған.

Жинақталған тәжірибені ескере отырып, үй жағдайындағы оңалту практикасы жалғасып, елдің тағы 4 өңірінде (Алматы қаласы, Алматы, Қарағанды және Ақтөбе облыстарында) кеңейтілетін болады.

Алдағы жұмыс кадрларды даярлауға, технологиялық және цифрлық жаңғыртуға

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-ulytau/press/news/details/1218897?lang=kk