
ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің 2026 жылғы кестесіне сәйкес, Шымкент қаласы мамандары қауіпті өндірістік нысандарды жоспарлы тексеруді бастады. Негізгі мақсат – техногендік апаттардың алдын алу және нысандардағы қауіпсіздік деңгейін бақылау. Техникалық құрылғылардың жай-күйін, өндірістік бақылаудың ұйымдастырылуын және қауіпсіздік талаптарының сақталуын тексеріп, анықталған кемшіліктерді жою туралы нұсқаулар беріледі. Сонымен қатар, кәсіпорындарға өнеркәсіптік қауіпсіздікті нығайту бойынша әдістемелік көмек көрсету жоспарланып отыр. Қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау – өндірістегі апаттарды болдырмаудың басты кепілі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kpb/press/news/details/1218804?lang=kk

Жауап қалдыру