
Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының 2026 жылғы 13 мамырдағы отырысында «Павлодарвокзалсервис» ЖШС қызметінің тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындылары қаралды. Мемлекеттік аудит нәтижелері туралы ақпаратпен тексеру комиссиясының мүшесі С.Ш. Тастембеков баяндама жасады.Мемлекеттік аудитпен 1 нысан қамтылып, қаржы көлемі 1 859 862,0 мың теңгені құрады. Аудит барысында процедуралық сипаттағы 5 бұзушылық пен кемшілік анықталды. Отырыс қорытындысы бойынша тексеру комиссиясының қаулысымен аудиторлық қорытынды бекітілді. Аудит нысанына Қазақстан Республикасы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын және оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы нұсқама жолданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-rkpvlgovkz/press/news/details/1218954?lang=kk

Жауап қалдыру