
Қант диабеті — адам ағзасының қызметіне елеулі әсер етіп, өмір сүру сапасын төмендетуі мүмкін созылмалы аурулардың бірі. Қант диабеті кезінде мүгедектікті белгілеу мәселесі Медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясында (МӘСҚ) әр азаматтың денсаулық жағдайына жеке қаралады.
Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу барысында:
* қант диабетінің түрі мен ағымы;
* асқынулардың болуы (көру қабілетінің төмендеуі, бүйрек, жүрек-қантамыр жүйесі, аяқ-қол зақымдануы және т.б.);
* гипо- және гипергликемиялық жағдайлардың жиілігі;
* өз-өзіне қызмет көрсету, қозғалу және еңбек ету қабілеті ескеріледі.
МӘСҚ-ның негізгі мақсаты — ағза қызметінің тұрақты бұзылу деңгейін анықтап, азаматтың әлеуметтік қорғау қажеттілігін белгілеу.
Дәрігер бақылауында болып, емдік ұсынымдарды сақтау және қандағы қант деңгейін тұрақты бақылау ауру асқынуларының алдын алуға және өмір сапасын сақтауға мүмкіндік береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-zhambyl/press/news/details/1218991?lang=kk

Жауап қалдыру