
Қарағандыда электронды құлыпты бұзған ұры қолға түсті. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Оңтүстік-шығыс полиция бөлімінің қызметкерлері жергілікті базарда құрал-саймандарды күмәнді төмен бағамен сатпақ болған 26 жастағы ер адамды ұстады. Анықталғандай, шұрып бұрағыш пен тегістеуіш ұрланған болып шықты және олар жаңа пәтерінде жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан 30 жастағы қала тұрғынына тиесілі болған. Жәбірленуші құралдарының жоғалғанын байқап, полицияға арызданған. Тергеу барысында белгісіз адамның пәтердің электронды құлпының кодын тауып, ішке заңсыз кіріп, құралдарды ұрлап кеткені анықталды. Үй подъезіне орнатылған бейнебақылау камералары арқылы ұрланған заттарды алып шыққан сәт тіркелді және бұл іс бойынша шешуші дәлел болды. Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Тәркіленген барлық айғақ заттар заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу аясында полицейлер оның осыған ұқсас бұрын жасалған қылмыстарға қатыстылығын тексеруде.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-karaganda/press/news/details/1219418?lang=kk

Жауап қалдыру