Құттықтау

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 7 мамырда Астана қаласында «Әділетті Қазақстан — тұрақтылық пен дамудың кепілі» халықаралық форумы аясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналған «Үздік еңбек адамы» республикалық патриоттық конкурсының қатысушыларын марапаттау рәсімі өтті.

Конкурс еңбек беделін арттыру, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан жоғары білікті мамандарды анықтау және көтермелеу жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында өткізілді.

Конкурстың нәтижелері бойынша «Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» ММ бас маманы – Жітіқара ауданы бойынша мемлекеттік ветеринариялық дәрігері Әлменова Сабина Ғалымбекқызы I дәрежелі дипломға ие болды марапаттау аясында «Үздік еңбек адамы» төсбелгісімен және ескерткіш мүсінімен марапатталды. Сондай-ақ мекеме басшысының атына алғыс хат жолданды.

Әлменова Сабина Ғалымбекқызы білікті маман, 7 жылдан астам жұмыс өтілі бар, кәсіби ортада беделге ие және Қостанай облысының ветеринариялық қызметін дамытуға елеулі үлес қосады.

Сабина Ғалымбекқызын лайықты марапатымен құттықтаймыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-veterinariya/press/news/details/1218956?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді