Қызылорда облысында «Түнгі қала» рейдтік іс-шарасы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қылмыстың алдын алу және жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың жолын кесу мақсатында Қызылорда облысы көлемінде жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп, 2026 жылдың 7-11 мамыр күндері аралығында «Түнгі қала» жедел-профилактикалық рейдтік іс-шарасы өткізілді. Іс-шара барысында полиция қызметкерлері мен жауапты мекеме өкілдері түнгі уақытта кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінсіз жүру деректерін анықтау бағытында күшейтілген жұмыстар жүргізді. Рейд қорытындысымен түнгі уақытта заңды өкілінсіз ойын-сауық орындарында және тұрғын жайдан тыс жүрген 147 жасөспірім анықталды. Аталған құқық бұзушылықтарға жол берген ата-аналар мен заңды өкілдерге қатысты әкімшілік шаралар қабылданып, жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, балаларды тәрбиелеу және білім беру жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамаған 21 ата-анаға әкімшілік хаттамалар рәсімделді. Мұндай профилактикалық шаралардың негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ата-аналардың жауапкершілігін арттыру. Қызылорда облысының полиция департаменті ата-аналарды балалардың жүріс-тұрысына бейжай қарамай, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға және қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлуге шақырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-kyzylorda/press/news/details/1218525?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді