ҚЫЗЫЛҚОҒА АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС 40-ШЫ СЕССИЯСЫ ӨТТІ.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ҚЫЗЫЛҚОҒА АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС  40-ШЫ СЕССИЯСЫ ӨТТІ.

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 11-бабына сәйкес, 2026 жылдың 13 мамыры күні аудандық мәслихаттың кезектен тыс 40-шы сессиясы өтті. Сессияны аудандық мәслихат төрағасы Бейсқали Толқын Ермекқызы ашып жүргізді.

Сессия отырысына аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасары Е.Иғали, тиісті бөлім басшысы, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатынасты.

Күн тртібінде төмендегідей мәселелер қаралды.

1.Қызылқоға аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 қыркүйектегі    №8-3 «Әлеуметтік  көмек көрсетудің оның мөлшерлерін бегілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Хабарламашы: Ғазезова Алмагүл Әлібекқызы- аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы.

  1. Тағы да басқа мәселелер.

Аудандық мәслихат депутаттары Е.Нуров, А.Аққайнанов, Ж.Кенжин    өз ұсыныс-пікірлерін айтып, сұрақтарын қойды.

Сессия жұмысын аудандық мәслихат тқрағасы Бейсқали Толқын Ермекқызы қорытындылап, нәтижесінде барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

 

ҚЫЗЫЛҚОҒА АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ БАСПАСҚЗ ҚЫЗМЕТІ

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-kyzylkogin-district/press/news/details/1219326?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді