САРЫАҒАШ: ЖАҢА ӨНДІРІСТІК НЫСАНДАР САЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев жұмыс кестесіне сәйкес аптасына екі рет «Өндірістік парк» аумағына барып, құрылыс жұмыстарының барысын тұрақты бақылауда ұстап келеді. Осы ретте, аудан басшысы өндірістік аймақта құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан кәсіпкерлермен кездесіп, атқарылып жатқан жұмыстардың барысын бақылады.

Қазіргі таңда аталған аумақта мердігер мекеме тарапынан инфрақұрылым жүйелерін тарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Аудан әкімі жауапты сала мамандарына құрылыс жұмыстарын сапалы әрі уақытылы аяқтауды тапсырды.

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1218435?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді