САРЫАҒАШ: ЖОНАРЫҚ ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕ ЖАҢА МӘДЕНИ НЫСАННЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Қабланбек ауылдық округіне қарасты Жонарық елді мекенінде бой көтеріп жатқан 200 орындық мәдениет үйі мен кітапхана ғимаратының құрылыс барысымен танысты.

Нысанды аралау барысында аудан басшысы құрылыс жұмыстарының сапасына ерекше мән беріп, мердігер мекемеге құрылысты белгіленген мерзімде әрі сапалы аяқтауды қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.

Қазіргі таңда, құрылыс алаңында 16 жұмысшы мен 2 арнайы техника жұмылдырылған. Мердігер мекеме — “ST-SERVICE KZ” тарапынан ішкі сылақ жұмыстары, фермаларды дәнекерлеу және орнату жұмыстары атқарылуда. Бұдан бөлек, нысанның шатырын жабу, ішкі әрлеу, еденге бетон құю және сантехникалық жұмыстар кезең-кезеңімен жүргізілуде.

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1219367?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді