САУРАНДА КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Сауран ауданында көпбалалы аналарды марапаттауға арналған салтанатты рәсім өтті. Іс-шараға аудан әкімі Мақсат Таңғатаров қатысып, алтын құрсақты аналарды арнайы құттықтап, мемлекеттік наградаларды салтанатты түрде табыстады.
Бүгінде Сауран ауданы демографиялық өсім бойынша алдыңғы қатарда. Ауданда 7 767 көпбалалы ана бар. Олардың ішінде 100-і «Батыр ана», 659-ы «Алтын алқа», 1732-сі «Күміс алқа» иегері. Сонымен қатар, 199 ана І және ІІ дәрежелі «Ана Даңқы» орденімен марапатталған.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 7 сәуірдегі №1223 Жарлығына сәйкес өткізілген шарада аудан әкімі көпбалалы аналардың қоғамдағы рөліне тоқталып, олардың ел демографиясын арттырудағы және ұрпақ тәрбиесіндегі еңбегін ерекше атап өтті.
Аталған Жарлық аясында Сауран ауданынан 13 анаға мемлекеттік наградалар берілді. Оның ішінде 3 ана «Алтын алқа», 10 ана «Күміс алқа» иегері атанды. Марапаттарды аудан әкімі аналарға салтанатты жағдайда табыстады.
©️Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sauran-turkestan/press/news/details/1219059?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді