
2026 жылғы 13 мамырда Қарағанды облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Данияр Назымбекұлы Байдильдиннің жетекшілігімен Теміртау қаласының мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімінде кездесу өткізілді.
Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын және мінез-құлық қағидаларын сақтау мәселелері кеңінен талқыланды. Сонымен қатар қызметкерлерді діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға мәжбүрлеуге жол бермеу мәселесіне ерекше назар аударылды.
Іс-шара аясында қызметкерлерге жұмыс уақытынан тыс уақытта ойын мекемелеріне (казино, ойын автоматтары залдары, букмекерлік кеңселер және т.б.) баруға, сондай-ақ құмар ойындарға қатысуға тыйым салу жөніндегі талаптар түсіндірілді.
Кездесудің мақсаты – мемлекеттік қызметшілер арасында жоғары құқықтық мәдениетті қалыптастыру, әдеп талаптарын сақтау, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және мемлекеттік қызметтің оң имиджін нығайту.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-krg/press/news/details/1218863?lang=kk

Жауап қалдыру