«SOLO & DUO»: БИ КҮНІНДЕГІ ШАБЫТТЫ КЕШ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Нұрмұхан Жантөрин атындағы Атырау облыстық филармониясының сахнасында Халықаралық би күніне арналған «Solo & Duo» концерті өтті. Кеш барысында классикалық, заманауи, ұлттық және әлем халықтары билері орындалып, көрерменге ерекше әсер сыйлады.

Сахнада Аяулым Мұхамбет, Сымбат Ізғали, Айнара Каримова, Кәмшат Аманжол және өзге де талантты өнерпаздар өнер көрсетті. Сондай-ақ концерттің жоғары деңгейде өтуіне хореографтар мен жетекшілер үлкен үлес қосты.

Кеш соңында қатысушыларға алғыс хаттар табысталып, өнер иелеріне құрмет көрсетілді. Бұл концерт би өнерінің сұлулығы мен рухани құдіретін айшықтаған әсерлі мәдени шара болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-madeniet/press/news/details/1219394?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді