
9 сәуір 2026 жылы мәслихат төрағасы Гүлқасима Сүйінтаева, облыстық мәслихаттың бюджет, өңірлік және инфрақұрылымдық даму жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Нұрлан Махамбетов және Ақтөбе қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Ақнұр Қазбаева “Таза Қазақстан” акциясы аясында аулалар мен әлеуметтік нысандарға мониторинг жүргізді. Бұл акция Президенттің бастамасымен жүзеге асырылуда.
Мониторинг барысында делегация көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын аралап, КСК және ОСИ басшыларымен, сондай-ақ тұрғындармен кездесті.
Гүлқасима Рамазанқызы аумақтарды таза ұстаудың маңыздылығын атап өтті. Ол қаламыздың таза әрі жайлы болуы әр адамның өзінен және өз ауласынан басталатынын айтты.
Сонымен қатар делегация қала мектептеріне барып, мектеп аумақтарының тазалығына мониторинг жүргізді. Мұнда балаларға табиғатты қорғау және қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастырудың маңызы ерекше атап өтілді.
Алдағы уақытта мұндай жұмыстар тұрақты түрде жүргізілетін болады. Алдағы екі ай ішінде облыстық және қалалық мәслихат депутаттары жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен бірге аулаларды, тұрғын алаптарды және кәсіпкерлік нысандарды аралап, «Таза Қазақстан» акциясының маңызын түсіндіріп, тұрғындарды тазалық сақтауға және сенбіліктерге қатысуға үндейді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-aktobe-district/press/news/details/1218637?lang=kk

Жауап қалдыру