
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай Тұран ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен мерекелік концерттік іс-шара өтті.
Мерекелік бағдарлама аясында арнайы көрме ұйымдастырылып, онда түрлі этнос өкілдерінің ұлттық мәдениеті, салт-дәстүрлері мен қолөнер бұйымдары көпшілік назарына ұсынылды.
Концерт барысында өнерпаздар достықты дәріптейтін әндер мен билерін ұсынып, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Іс-шараға аудан тұрғындары мен қонақтары қатысып, ел бірлігі мен ынтымағын айшықтайтын мазмұнды бағдарламаның куәсі болды.
Аталған іс-шара Қазақстан халқының бірлігі күнінің маңызын айқындап, қоғамдағы татулық пен келісімді нығайтуға бағытталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-turan/press/news/details/1218692?lang=kk

Жауап қалдыру