
Туберкулез — көбінесе өкпені зақымдайтын, бірақ басқа ағзаларды да зақымдауы мүмкін инфекциялық ауру. Аурудың қоздырғышы — Mycobacterium tuberculosis бактериясы.
Туберкулез әлемдегі ең қауіпті инфекциялық аурулардың бірі болып қала береді. Күн сайын әлемде 4 100-ден астам адам туберкулезден қайтыс болады және шамамен 30 000 адам алдын алуға және емдеуге болатын осы дертке шалдығады.
Қазақстан туберкулезді ерте диагностикалау, емдеу және алдын алу бойынша халықаралық стандарттарға сәйкес келетін ең заманауи әдістер енгізілген санаулы елдердің қатарына жатады. Сонымен қатар, елімізде туберкулездің алдын алу, диагностикасы және емдеу шаралары барлық азаматтар үшін тегін жүргізіледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/1218805?lang=kk

Жауап қалдыру