
12 мамыр Алматыда «Заманауи білім беру кеңістігіндегі өнер мен технология: мүмкіндіктері және дамудың жаңа бағыттары» тақырыбында халықаралық форум басталды. Іс-шараға Қытай, Италия, Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Өзбекстаннан келген жетекші сарапшылар және 300-ге жуық педагогтер және өнер қайраткерлері жиналды. Ауқымды диалогтың ұйымдастырушысы – Алматы қаласы Білім басқармасының Әдістемелік орталығы.
Талқылаудың басты тақырыбы – XXI ғасыр дағдылары, жасанды интеллект және виртуалды әлем арқылы оқытудың жаңа мүмкіндіктерін қарастыру. Сарапшылар NFT және 3D-дизайнды енгізу, цифрлық сауаттылықты дамыту, сондай-ақ ең бастысы, технологиялардың көмегімен ұлттық өнер мен мәдени мұраны сақтап қалу мәселелерін талқылады.
Форумның 1-ші күні ауқымды көрмелер, шығармашылық тұсаукесерлер және ұлттық киім үлгілерінің көрінісі өтті. Алматы инновациялық идеялармен алмасып, дамудың жаңа бағыттарын іздеуге айналған алаң болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-edu/press/news/details/1218765?lang=kk

Жауап қалдыру