Жалақы — сіздің заңды құқығыңыз!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жалақы — сіздің заңды құқығыңыз!

Көптеген қызметкерлер жалақының кешігуін «уақытша қиындық» деп қабылдап, мәселені көтермей жүре береді. Алайда Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, еңбекақыны уақытылы төлеу — жұмыс берушінің тікелей міндеті.

Егер сіздің жалақыңыз белгіленген мерзімде төленбесе, бұл — еңбек заңнамасын бұзу болып саналады және жұмыс беруші заң алдында жауапкершілікке тартылады.

📌 Есіңізде болсын:
• қызметкердің еңбекақыны толық әрі уақытылы алуға заңды құқығы бар;
• жалақы кешіктірілген әр күн үшін өтемақы (өсімпұл) төленуі тиіс;
• еңбек құқығы бұзылған жағдайда уәкілетті органдарға жүгінуге болады.

Құқығыңызды білу — оны қорғаудың алғашқы қадамы. Еңбегіңіз бағаланып, заң талаптары сақталуы тиіс!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-enbek/press/news/details/1219301?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді