Жаяу жүргіншілер өткелі – ерекше назарды талап ететін аймақ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жүргізушілер!
Жаяу жүргіншілер өткеліне жақындағанда жылдамдықты төмендетіп, жаяу жүргіншілердің сізді байқағанына көз жеткізіңіз.

Тек жолаққа ғана емес, жол жиегіне, тротуар мен автотұрақ аумағына да назар аударыңыз.

Жаяу жүргіншілер өткелінің алдында тоқтап тұрған көлікті басып озбаңыз және айналып өтпеңіз.

Көру мүмкіндігі нашарлаған жағдайда арақашықтықты ұлғайтып, жылдамдықты барынша азайтыңыз.

Есте сақтаңыз: жаяу жүргінші әрдайым осал, әсіресе балалар мен қарт адамдар!

Жаяу жүргіншілер!
Жолға шығар алдында жүргізушілердің сізді көріп тұрғанына көз жеткізіңіз.

Тоқтап тұрған көліктердің, бұталардың немесе басқа кедергілердің арасынан кенеттен шықпаңыз — өзіңізге көріну мүмкіндігін қамтамасыз етіңіз.

Жолды асықпай, жүгірмей және телефонға алаңдамай кесіп өтіңіз.

Қараңғы уақытта және көру мүмкіндігі төмен жағдайда ашық түсті киім немесе жарық шағылыстырғыш элементтер тағыңыз.

Есте сақтаңыз: бір сәттік немқұрайлылық адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1219144?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді