
Жданов ауылдық округінде нашақорлықтың алдын алу және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл
«Қостанай ауданы Жданов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ мамандарымен және Жданов ауылдық округінің полиция учаскелік инспекторы, полиция майоры Есмағамбетов Е.К.-мен бірлесіп жастар арасында интернет кеңістігінде синтетикалық есірткілерді тарату арналарының жолын анықтау және бұғаттау, сондай-ақ сыртқы жарнамаларды (наркограффити) жедел жою бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Іс-шара барысында жастар арасында профилактикалық және түсіндіру жұмыстарына ерекше көңіл бөлінуде. Есірткі және психоактивті заттарды қолданудың зияны, сондай-ақ есірткінің заңсыз айналымына қатысу және заңсыз контент тарату үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, интернет-ресурстар мен қоғамдық орындарға мониторинг жүргізіліп, тыйым салынған ақпараттарды уақытылы анықтау және есірткі құралдарын жарнамалайтын жазбаларды жою шаралары қабылдануда.
Осы бағыттағы жұмыстар қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, есірткі қылмыстарының алдын алу және жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында тұрақты негізде жалғасатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kostanai-zhdanov/press/news/details/1219226?lang=kk

Жауап қалдыру