
«Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның «Қала маңындағы тасымал» Филиалы аптасына 5 күн (дүйсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі және жексенбі күндері) жүретін бір вагонды №6843/6844 «Қызылорда-Түркістан» жолаушылар пойызы 2017 жылдың 1 шілдесі күнінен бастап халыққа қызмет көрсетіп келеді. Вагонда жолаушыларға арналған 81 орын саны қарастырылған. Сондай-ақ, бұл пойызда жолаушыларға ыңғайлы жағдай жасау үшін салқындатқыш (кондиционер), мұздатқыш (холодильник), микро толқынды пешпен және мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арнайы арбамен қамтамасыз етілген. Аталған пойыз Қызылорда облысымыздың оңтүстік бағытындағы барлық аудан орталығы мен стансаларды және разъездерді (Белкөл, Бірқазан, Сұлутөбе, Тартоғай, Бәйгеқұм, Шиелі, Төменарық, Жаңақорған, Аққұм, Талап, Бесарық, Түркістан және т.б. стансалар) қамтиды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-transport/press/news/details/1219715?lang=kk

Жауап қалдыру