🔰 АРЫС: МЕДИЦИНА ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ ТАЛҚЫЛАНҒАН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
🔹 «Атамекен» Түркістан облысының кәсіпкерлер палатасымен бекітілген «Түркістан облысының аумағында орналасқан дәріхананың фармацевтикалық қызметінің кәсіпкерлері үшін “дәрілік заттарды рецепт бойынша босату” мәселесі бойынша семинарлар өткізу кестесіне» сәйкес 2026 жылдың 13 мамыр күні Арыс қаласында қызметкерлерді еңбек міндеттерін орындау барысында туындауы мүмкін жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру мәселелері бойынша Оңтүстік Қазақстан облысының фармацевтикалық және медициналық ұйымдары қауымдастығының ұйымдастыруымен дөңгелек үстел болып өтті.
 
🔹 Кездесуге “ОҚО Даму фармацевтикалық және медициналық ұйымдары қауымдастығының” директоры Х.Д.Альжанова, Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Сыздықов Нұрбек, Арыс қалалық Кәсіпкерлер палатасының директоры Пернеханов Нұрболат Рахатұлы және Ордабасы, Бәйдібек аудандарында және Арыс қаласында орналасқан дәріхана (аптека) иелері қатысты.
 
🔹 Кездесу барысында жауапты мамандар тарапынан жұмыс берушілердің міндеттері, сақтандыру шарттарын жасасу тәртібі, сондай-ақ жазатайым жағдай орын алған кезде төленетін сақтандыру төлемдері туралы кеңінен түсіндірілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/1219576?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді