
🔰9 мамыры күні – Жеңіс күні мерекесіне орай “Ер есімі – Ел есінде” тарихи ескерткіш монументіне батырлардың ерлігіне құрмет көрсетіп, гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.
📌Іс-шараға Досбол ауылдық округ әкімі А. Сапарбек және ауыл ардагерлері, мекеме басшылары, ауыл тұрғындары қатысып, майданда қаза тапқан батыр аталарымызды бір минут үнсіздікпен еске алумен басталды.
Іс-шараның соңында ауыл ардагерлеріне мерекелік концерт қойылды.
🛑Баршаңызды 9 Мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл – ерлік пен батырлықтың, елге деген шексіз махаббаттың символына айналған қасиетті күн. Біз бейбіт өмір сыйлаған ардагерлеріміздің ерлігіне әрдайым тағзым етеміз. Олардың батылдығы мен қайсарлығы ұрпақ жадында мәңгі сақталады.
Аспанымыз ашық, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Баршаңызға денсаулық, амандық, береке және бейбіт өмір тілеймін.
Жеңіс күні құтты болсын!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-sarysu-dosbol/press/news/details/1219794?lang=kk

Жауап қалдыру