2026 жылғы 13 мамырда, Қарағанды облыстық мәслихатының кезекті сессиясындағы «Қарағанды облысында спорт саласының жай-күйі мен даму перспективалары туралы» мәселені дайындау аясында Қарағанды облыстық мәслихатының депутаттары М.С. Абилов, Е.М. Буслаев, С.Ш. Шәймағанбет Шахан кенті мен Шахтинск қаласына барды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 13 мамырда, Қарағанды облыстық мәслихатының кезекті сессиясындағы «Қарағанды облысында спорт саласының жай-күйі мен даму перспективалары туралы» мәселені дайындау аясында Қарағанды облыстық мәслихатының депутаттары М.С. Абилов, Е.М. Буслаев, С.Ш.  Шәймағанбет Шахан кенті мен Шахтинск қаласына барды.

Кездесуге Шахтинск қалалық мәслихатының төрағасы Ж.С. Мамерханова,  Шахан кентінің әкімі Г.А. Умирбеков, «Шахтинск қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ басшысы С.К. Ибраева,  мәслихат аппаратының басшысы Н.Ю.Циолковская, сондай-ақ спорт нысандарының өкілдері қатысты.

Жұмыс сапары барысында Шахан кентінде стадион мен «Карлыгаш» аула клубын, ал Шахтинск қаласында орталық стадион, «Тентек» ДШСК және «Атлетик» жеке спорттық-сауықтыру кешенін аралады.

Өзінің Жолдауында Қасым-Жомарт Тоқаев бұқаралық спортты дамытудың және салауатты өмір салтын ұстануға жағдай жасаудың маңыздылығын бірнеше рет атап өтті. Мемлекет басшысы еліміздің барлық өңірлерінде спорт инфрақұрылымын біркелкі дамытуды қамтамасыз ету, қолжетімді жерлерде спорт алаңдарын салу, сондай-ақ балалар мен жастарға арналған спорт клубтары мен секцияларын ашу қажеттігін атап көрсетті.

Спорт саласын дамыту сондай-ақ бұқаралық спортты дамытуға, спорт инфрақұрылымын жетілдіруге және халық үшін спорт нысандарының қолжетімділігін арттыруға бағытталған Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында жүзеге асырылуда.

Кездесу барысында Шахтинск өңіріндегі спорт саласын одан әрі дамыту, спорт инфрақұрылымын жетілдіру және барлық жастағы тұрғындардың дене шынықтырумен және спортпен айналысуына жағдай жасау мәселелері де талқыланды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karaganda-shahtinsk/press/news/details/1219513?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді