
2026 жылғы 20 мамырынан бастап Самар, Құлынжон ауылдық округтері аумағында Республикалық бюджет есебінен аса қауіпті италиялық прус шегіртке дернәсілдеріне қарсы барлығы 4350 га жер телімдерінде химиялық өңдеу жұмыстары атқарылатын болады. Осыған байланысты, өсімдіктерді қорғау саласындағы техникалық регламентке сәйкес химиялық өңдеу жұмыстары атқарылған алаңдарда, өсімдіктерді қорғау құралдарының қауіптілігіне байланысты, кем дегенде 7 күн аралығында үй жануарларын жаюға тыйым салынады. Ара шаруашылығымен айналысатын шаруашылықтар ара ұяшықтарын өңдеу алаңдарынан 4-5 шақырым ара-қашықтыққа көшірулері қажет.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/1219673?lang=kk

Жауап қалдыру