
30 сәуірден бастап Абай облысының 78 білім беру ұйымы білім жетістіктерінің мониторингімен қамтылды.
Департамент қызметкерлері мониторингтің талаптарға сай және объективті өтуіне бақылауға қатысты.
13 мамыр күні департамент басшысы Б.Масалимова SARYN жекеменшік мектебінде өткізілген білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторингінің өтілуіне бақылау жүргізді.
Бұл мониторинг — оқушылардың білім сапасын бағалауға арналған маңызды отандық зерттеу. Мониторинг:оқу бағдарламаларының тиімділігін талдауға, білім беру процесіндегі жетілдіруді қажет ететін тұстарды анықтауға, әр өңір бойынша кешенді талдау жасап, нақты әдістемелік ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік береді
Айта кетейік, 2025 жылдың басында бұл мониторинг халықаралық RCEC сапа белгісіне ие болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-abay/press/news/details/1220067?lang=kk

Жауап қалдыру