7 мамыр Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр Ұлы Жеңіс күніне орай кең ауқымды салтанатты концерттік кеш

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде ел тарихында айрықша орын алатын қос бірдей маңызды мереке — 7 мамыр Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр Ұлы Жеңіс күніне орай кең ауқымды салтанатты концерттік кеш ұйымдастырылды.
Аталған іс-шараның басты мақсаты – Отан алдындағы адал қызметтің маңызын дәріптеу, ел тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында еңбек етіп жүрген қызметкерлерге құрмет көрсету, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне тағзым ету болды.
Салтанатты кешке департамент басшылығы, жеке құрам, сала ардагерлері мен шақырылған қонақтар қатысты. Іс-шара барысында Отан қорғау жолында табандылық пен кәсібилік танытып жүрген бірқатар қызметкерлерге алғыс хаттар мен ведомстволық наградалар табысталды.
Концерттік бағдарлама патриоттық рухқа толы көркем қойылымдармен, әсерлі әндер мен би композицияларымен өрнектелді. Әсіресе әскери-патриоттық тақырыптағы шығармалар көрермендерге ерекше әсер сыйлап, залда жылы әрі мақтаныш сезімге толы атмосфера қалыптастырды.
Кеш барысында департамент бастығы әділет полковнигі Рустан Серікұлы Ахметжанов Отан қорғаушылар мен ардагерлерге алғыс білдіріп, олардың ерлігі мен жанқиярлығы жас ұрпақ үшін әрдайым үлгі екенін атап өтті. Сонымен қатар, қызметкерлерге адал қызмет, жоғары жауапкершілік пен елге деген сүйіспеншілік тілектері жеткізілді.
Мерекелік іс-шара ұжымның бірлігін нығайтып, патриоттық рухын арттыра түскені сөзсіз. Осындай тағылымды кездесулер жас буынға отансүйгіштік тәрбие беруде ерекше маңызға ие.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisastana/press/news/details/1219780?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді