
2026 жылғы 22–26 сәуір аралығында Түркия Республикасының Анталия қаласында халықаралық Fibonacci Eurasia Robot Olympiad (FIRO 2026) робототехника олимпиадасы өтті.
Fibonacci International Robot Olympiad — жыл сайын қараша айында Рим қаласында өтетін, әлемдегі ең беделді робототехника жарыстарының бірі. 2018 жылдан бері бұл іс-шара әлемнің түкпір-түкпірінен робототехника әуесқойларын, инженерлерді, студенттерді, сала көшбасшыларын және отбасыларды біріктіріп келеді. Бұл шара тек жарыс қана емес, сонымен қатар көрме және білім беру платформасы болып табылады. Ол жетекші сарапшылармен байланыс орнатуға, озық технологиялармен танысуға және жаңа серіктестіктер құруға мүмкіндік береді.
Халықаралықдодада Ақмола облысының намысын жеті талантты оқушы қорғады:
1.Серік Абылайхан – Астрахан ауданы, Астрахан ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы;
2.Тоқтар Жанали – Степногорск қаласының А.С. Пушкин атындағы №3 көпсалалы мектебінің 3-сынып оқушысы;
3.Қайролла Асанәлі – Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы;
4.Тогтау Имангали – Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы;
5.Лашынтай Фархат – Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы;
6.Махмет Алаш – Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы;
7.Құрман Досымжан – Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы.
Биылғы жылы олимпиадаға 11 мемлекеттен 629 команда қатысып, жоғары деңгейдегі бәсекелестік қалыптасты. Қазақстанмен қатар Түркия, Әзербайжан, Грузия, Румыния, Литва, Польша, Қырғызстан, Өзбекстан, Үндістан және басқа да елдердің командалары өзара сынға түсті.
Бұл беделді халықаралық жарыста Қазақстан Республикасының намысын 170-тен астам оқушы мен жаттықтырушы қорғады. Қазақстанның ұлттық құрамасы 84 командадан құралды және қатысушылар саны бойынша ең ірі делегациялардың бірі болды. Бұл елімізде робототехника мен инженерлік білімнің қарқынды дамып келе жатқанын көрсетті.
FIRO 2026 қорытындысы бойынша Ақмола облысының алты қатысушысы І дәрежелі диплом иегері атанды:
1.Тогтау Имангали — Autonomous Car санаты бойынша;
2.Лашынтай Фархат — Autonomous Car санаты бойынша;
3.Қайролла Асанәлі — FootBot Lego League санаты бойынша;
4.Құрман Досымжан — FootBot Lego League санаты бойынша;
5.Махмет Алаш — FootBot Lego League санаты бойынша;
6.Тоқтар Жанали — «ROBOSTEP» командасының құрамында Lego Line Following (Primary School) санаты бойынша.
Сонымен қатар Серік Абылайханның жетістігі ерекше атап өтуге тұрарлық. Ол Autonomous Car Racer санатында орта жас ерекшелігі тобындағы ең үздік бес қатысушының қатарына енді.
Жарыс қорытындысы бойынша Ақмола облысының топтар сертификат пен әлемдік финалға жолдама жеңіп алды. Әлемдік финал 2026 жылдың 30 қараша – 4 желтоқсан аралығында Италия мемлекетінде өтеді.
Құттықтаймыз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-edu/press/news/details/1219717?lang=kk

Жауап қалдыру