
Қызылорда станциясының теміржол вокзалында аса қауіпті және карантиндік жұқпалы ауруға күдікті жағдай анықталған кездегі іс-қимылдарға арналған оқу-жаттығу өткізілді. Іс-шараны Қызылорда бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы ұйымдастырды. Оқу-жаттығуға санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мамандары, обаға қарсы күрес станциясы, жұқпалы аурулар ауруханасы, жедел жәрдем қызметі, көліктегі полиция, «ARLAN-TRANS-ASTANA» ЖШС және басқа да ұйым өкілдері қатысты. Қатысушылар күдікті жағдай анықталған кездегі іс-қимыл алгоритмін пысықтап, өзара үйлесімді әрекет етуге дайын екендіктерін көрсетті. Іс-шара «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы мамандарының қолдауымен өтті. Оқу-жаттығуға 3 бірлік техника жұмылдырылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1219834?lang=kk

Жауап қалдыру