Аудан әкімі Жалғас Мұртазаның төрағалығымен кеңейтілген әкімдік отырысы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

13 мамыр күні аудан әкімі Жалғас Мұртазаның төрағалығымен кеңейтілген әкімдік отырысы өтті. Жиын барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, қаржының игерілуі, салық түсімдері мен мемлекеттік қызметшілердің әдебі және орындаушылық тәртіп мәселелері қаралды.

Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша аудан әкімі аппаратының басшысы Дидар Нұрбеков баяндама жасап, мемлекеттік қызметкерлердің әдеп нормаларын сақтау, тапсырмалардың уақытылы орындалуы және жауапкершілікті күшейту бағытындағы жұмыстарға тоқталды.

Екінші мәселе бойынша аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Қалима Мықтыбекова ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің орындалу барысын баяндады. Баяндамада негізгі салалардағы өсім көрсеткіштері, жоспарланған жобалардың жүзеге асуы және алдағы міндеттер сөз болды.

Үшінші мәселе бойынша аудандық қаржы бөлімінің басшысы Қуаныш Ғалиұлы қаржының игерілуі мен салық түсімдерінің орындалу деңгейіне тоқталып, бюджет қаражатын тиімді пайдалану мәселелерін айтты.

Жиын соңында аудан әкімі Жалғас Мұртаза көтерілген мәселелер бойынша нақты тапсырмалар беріп, көрсеткіштердің сапалы орындалуын қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-zhualy/press/news/details/1219750?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді